136
Тағылым таразысы
дер де болды. Көп өтпей Пайғамбарымызға мынадай
иләһи уахи түсті:
«Кім Аллаһ жолында һижрет жасаса, бұл дүниеде
өрісі молайып, кеңшілік пен молшылыққа кенеледі. Па-
налайтын жерсіз қалмайды. Кімде-кім Аллаһ пен елшісі
жолында һижрет жасауға үйінен шығып, жолда ажалы
жетсе, ол марапатқа лайық әрі оның өтемін Аллаһқа
береді. Аллаһ өте кешірімді әрі рақымды»
26
Ансардың жомарттығы
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде мұсылмандардың бірі келіп: «Уа,
Расулаллаһ! Мен өте бір сіңірі шыққан кедеймін»,
– деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жарына оны құр қол
қайтармауын бұйырып еді, жары: «Раббымның аты-
мен ант етемін. Үйде қара судан басқа еш нәрсе жоқ!»
– деді. Аллаһ елшісі екінші жарына хабар салады. Ол
да үйде тіске сыздық қылар нәр қалмағанын айтады.
Пайғамбарымыз сахабаларынан: «Мына кісіні бүгін
кім қонақ ете алады?» – деп сұрады. Әбу Талха орны-
нан тұрып: «Мен қонақ ете аламын», – деді. Үйіне келіп
әйеліне: «Үйде ішіп-жейтін не бар?» – дейді. Әйелі тек
балаларға ғана жететін азық барын айтты. Әбу Талха:
«Сен балаларды ертерек жатқыз. Не бар, дастарханға
бәрін әкел. Қонақ дастарханға жақындағанда, шамды бір
ыңғайын келтіріп байқаусызда өшіріп алған бол. Қонақ
біздің қосылып тамақ алғандай болып отырғанымызды
қараңғыда байқай қоймас», – дейді.
Қонақ еш нәрседен хабарсыз тамақтанды. Алайда
сол түні үй иелері аштықтан бұратылып, көрер таңды
26
«Ниса» сүресі, 100-аят