134
Тағылым таразысы
жаңа қабылдаушылар еді. Оның үстіне ол уақытта қалаға
керуен сирек келетін болғандықтан, мұндай оқиғадан
ешкім қалыс қалғысы келмейтін. Отырғандардан жа-
стар жағы бастап қала орталығына қарай жүре бастады.
Бірте-бірте мәжіліс сөгіліп, мешітте Пайғамбарымызбен
(с.а.с.) бірге Омар (р.а.), Әбу Бәкір (р.а.) бастаған он
шақты адам ғана қалды.
Бұл оқиға төмендегі мына аяттың түсуіне себеп
болды:
«Олар пайда немесе көңіл көтерер әлдене көргенде,
сені хұтба оқып тұрғаныңда тастап кетті. Былай де:
Аллаһтан ақыретте болатын нәсіп бұл дүниедегі көңіл
көтеру мен саудадан да пайдалы. Аллаһ ең жақсы рызық
беруші»
23
Қорқыныш
Алғашқы мұсылмандар Аллаһ пен расулына (с.а.с.)
мықты тәуекел негізінде иман етті. Бірақ көрешекті
көріп, тауқыметті тартқан еді. Әрине, сабыр ете
алмағандар да болды. Олар Пайғамбарымызға (с.а.с.)
келіп: «Сенің жолың дұрыс, бірақ біз саған ерсек,
мүшріктер басымызға әңгіртаяқ ойнатады, жерімізден
қуады», – деген еді.
Хақ тағала олар жайлы мына аятты түсірді:
«Дұрыс айтасың, бірақ саған ерсек, тура жолға
түссек, жерімізден, мекенімізден айырыламыз» дейді
олар. Анығында, өз тарапымыздан рақым ретінде Біз
оларды әр түрлі егіс өнімдері әкелініп жиналатын,
сенімді, ешкім қол сұқпайтын қасиетті өңірге (Мек-
23
«Жұма» сүресі, 11-аят