Previous Page  135 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 208 Next Page
Page Background

135

Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар

кеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбісі бұл

нығметтің қадірін білмейді»

24

Жауапкершілікті сезіну

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) адам болудың

жауапкершілігінің қандай ауыр екенін терең сезінген

жан.Олбірдежайбарақатжайылыпжүргенмақұлықтарға

қарап тұрып: «Әттең, ақыретте есеп бермейтін мына

хайуан секілді немесе осылар жейтін өсімдік қана болып

жаратылғанымда ғой...» деген екен.

Иманы кәміл ол кісі туралы құдіретті Аллаһ мына

аятты түсірген:

«Раббымыздың құзырына шығудан қорқатындарға

екі жұмақ бар»

25

Мәдина жолдары

Мекке мұсылмандары һижрет жасап келгенде,

Мәдиналықтар құшақ жая қарсы алды. Барымен бөлісті.

Бұл тарихи оқиға Мәдинаға үлкен өзгеріс әкелді. Қала

бұрынғыдан да құлпыра түсті. Бірақ түрлі себептермен

көше алмай қалған мүминдер де бар еді. Соның бірі

Жүндәб ибн Дамра болатын. Өзі кәрі, әрі науқас кісі

еді. Бірақ күндіз-түні Мәдинаға жетсем деп аңсайтын.

Ақыры төрт ұлына қоярда-қоймай жүріп бір күні жолға

шықты. Бірақ қарттың пешенесіне жазылмапты. Тәним

деген жерге келгенде, көз жұмды. Ақтық демі үзіліп

бара жатып: «Раббым, менің һижретімді қабыл ала гөр!»

– деп дұға етті. Бұл оқиға Мәдинаға жеткенде, «Қап,

жетіп өлгенде, һижрет сауабын толық алар еді» деген-

24

«Қасас» сүресі, 57-аят

25

«Рахман» сүресі, 46-аят