131
Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар
ындамады, өйткені ақырғы пайғамбардың өздерінен
шықпағандығына наразылық танытты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, олар:
«Біз Тәураттың қисынына саламыз. Яғни сиырға
табынғанымыз қырық-ақ күн, сондықтан тозақта қырық
күн азап шексек болды, сонымен біздің жазамыз бітеді»,
– дейтін.
Хақ тағала олардың осы ақымақтығына жауап
ретінде мына аяттарды түсірді:
«Бірде олар: «Белгіленген күннен басқа күндерде
бізге азап келмейді» деді. Сен айт: «Аллаһтан уәде алып
па едіңдер? Егер алсаңдар, Аллаһ уәдесінде тұрады.
Жоқ әлде Аллаһ жайлы анық білмейтін нәрселерді сөз
етудесіңдер ме?»
19
Ләззат тұнған мекен
Бірде бір кісі:
– Уа, Расулаллаһ! Осы өмірдегі адамға ұнайтын
ләззатты нәрсенің бірі ұйқы екені белгілі. Ал о дүниеде
ұйқы бола ма? – деп сауал тастайды. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) байсалды үнмен:
– Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал
жұмақта өлім болмайды, – деп жауап береді. Жаңағы
кісі:
– Ал адамдардың көздері талса, қалай дем алады?
– дейді тағы да.
– Ол жерде шаршау деген атымен болмайды.
Олардың әр ісі ләззатқа кенелтеді, – деді де мына аятты
оқып берді:
19
«Бақара» сүресі, 80-аят