127
Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар
– Уа, Құрайыш қауымы, егер мен қазір сендерге
мына қырдың астында жау келе жатыр десем, сенесіңдер
ме?! – дейді дауыстап.
– Саған кім сенбейді, уа, Мұхаммед!
– О не дегенің, сен шыншыл адам емессің бе?
– Басқаға сенбесек те, саған сенеміз, – деді
Әбу Жәһил бастаған арабтар. Пайғамбарымыз бұны
естігенде, көкейіндегісін айтты:
– Менің міндетім – сендерге ақиқатты жеткізу.
Өздеріңді тозақ отынан сақтаңдар. Сендерді «Аллаһ
жалғыз, басқа құдай жоқ» деп иман етуге шақырамын!
Сол-ақ екен, Әбу Ләһаб: «Көгермегір Мұхаммед,
бізді осы үшін шақырып па едің!» – деп жұдырығын
түйіп, доқ көрсетті. Жиналғандарды таратып жіберді.
Осыған байланысты «Құрысын Әбу Ләһабтың екі
қолы. Ендіге құрыды да...» деп басталатын «Мәсад»
сүресі түсті.
Қайтіп күн көреміз?
Меккелікмүшріктердіңдұшпандығыасқыныптұрған
кез. Хақ тағала әбден қысым көрген мұсылмандарға
һижрет етуді бұйырды. Олардың кейбіреулері:
– Уа, Аллаһтың елшісі, қалай һижрет етеміз?
Мәдинада малымыз да, баспанамыз да жоқ, қалай күн
көреміз? – деді.
Осы кезде мына аят түсті:
«Рызығын өзі көтеріп жүре алмайтын қаншама
тіршілік иелері бар, оларды да, сендерді де Аллаһ
рызықтандырады. Ол барлығын естиді, барлығын
көреді»
14
.
14
«Анкәбүт» сүресі, 60-аят