124
Тағылым таразысы
мелденгенде, ұстазы бір күні оны шақырып алып, еш
себепсіз аямай таяқтап тастайды. Патшаның баласы
іштей кек сақтап қалады.
Арада көп жылдар өтіп, әлгі бала әкесінің орны-
на таққа отырады. Сол кезде баяғы ұстазын шақыртып,
сол жолы өзін неге себепсіз ұрғанын сұрайды. Сон-
да ұстазы оған: «Әй, ханзада, білімің толысып, сенің
ақыл-парасатың өскенін көргенде, мен түбі сенің таққа
отыратыныңа көз жеткізген болатынмын. Сол себепті
кейін ешкімге жөнсіз тиіспесін, әділетсіз таяқ жегеннің
қандай болатынын сезінсін, білсін деп сабап едім», – деп
жауап береді.
Патша бұны естігенде, ұстазына қатты разы болып,
мол сый-сияпат беріп шығарып салыпты.