121
Тақуалық тәмсілдер
Сол кезде Руми оған: «Онда неге әркімге мұң
шағасың? Баға жетпес он екі мүшең сау тұрғанда,
кедеймін деуің жараса ма?! Қайта Аллаһ тағалаға
шүкіршілік айтпайсың ба?!» – деп ойлантқан екен.
Кілем ұрлаған ұры
Бірде Мәулана Жалаладдин Румидың үйіне
қайыршы бас сұғады. Мәулананың намаз оқып тұрғанын
көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып
кетеді. Бұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда
әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен
ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келеді. Сонда
әлгі ұрының таяқ жеген кейпіне жаны ашыған Мәулана:
«Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар,
соған бола бұл байғұсты ұрмай-ақ, қолынан сатып-ақ
ала салсаң болмас па еді», – деп аяушылық танытқан
екен.
Қызға кеңес
Тақуа кісілерден Харижатул-Фаразин қызы Әсманы
ұзатарда былай деген екен:
«Сен өскен ұяңнан жат жерге, өзің жете таны-
майтын адамға ұзатылып бара жатырсың. Сен оған
жер бол, ол саған аспан болсын. Сен оған жайылып
төсек бол, ол саған сүйенер тіреуің болсын. Ешқашан
қытығына тиме, сені ренжітпесін. Одан тым алыста-
ма, сені ұмытар. Жақындаса, сен де жақында. Сенен
аулақтаса, сен де алыстау тұр. Мұрныңды, құлағыңды
және көзіңді мұқият таза ұста, ол сенен тек жақсы иіс
сезсін, жақсы сөз естісін, үнемі жанға жағымды жақсы
мінез көрсін».