Previous Page  118 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 208 Next Page
Page Background

118

Тағылым таразысы

Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар Үндістанның

патшасын сырттай өсекке таңды. Осы сәт Дыхләуи:

«Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы!» деп өкініш

білдірді.

Әулиенің бұл тосын қылығына қасындағылар:

«Айтылған өсек оразаны бұзатынын меңзедіңіз бе,

алайда өсекті сіз емес басқалар айтқан жоқ па?!» – деп

таңырқағанда, ол «Ғайбат – айтушыға да, тыңдаушыға

да ортақ» деген мағынадағы хадиспен жауап берді.

Бетбұрыс

Көне уақытта Исрайылұлдарынан бір жігіт жиыр-

ма жыл құлшылық жасап келіп, бір күні мінәжатының

бәрін тастап жиырма жыл күнәлі істер жасап жүрді. Бір

күні айнаға қарағанда, шашына ақ түскенін көріп шо-

шынып: – Уа, раббым! Саған жиырма жыл құлшылық

жасап едім, бірақ кейінгі жиырма жыл бұзылып кеттім.

Енді қайта дінге бет бұрсам бола ма? – деп дұға жасай-

ды.

Сол сәт ғайыптан мынадай бір дауыс естіледі:

«Сен бізді жақсы көрдің, біз де сені жақсы көрдік.

Сен бізге қарамадың, біз де саған қарамадық. Сен бізге

қарсы келгенде, сені өз жағдайыңа қалдырдық. Егер

қайта бізге бет бұрғың келсе, сені қабылдауға әзірміз».

Күнәсі кешіріледі

Әмір әл-Ләйси әңгімелеуде:

«Уәсила ибн әл-Әсқамен әңгімелесіп тұрған

кезімізде жанымызға бір пақыр келді. Уәсила бір үзім

нан мен ақшаны әлгі пақырға өз қолымен апарып

берді.