122
Тағылым таразысы
Зәйтүн майы
Көне уақытта үлкен ислам ғұламасы Суфиян
Сәуриге бір әйел келеді. Қолындағы зәйтүн майын
мешітке бергісі келетінін айтады. Ол уақыттарда мешіт
елдің әкелетін майларымен жарықтандырылатын еді.
Суфиян Сәури әлгі әйелден: – Сауап жолына арнап
әкелген бұл зәйтүн майыңыздан пайда болатын жарық
мешіттің күмбезіне дейін түскенін қалайсыз ба, әлде
тым жоғары Арышқа дейін биіктегенін қалайсыз ба? –
деп сұрайды.
Әйел:
– Әрине, Арышқа дейін биіктегенін қалаймын, –
деп жауап береді.
Сонда ғалым өз сөзінің мәнісін:
– Ел күнде май әкелетіндіктен, дәл қазір мешітке
бұл аса қажет емес. Алайда мен ана бір көшенің бойын-
да тұратын екі жетім баланы танимын. Қазір олардың
үйінде жейтін ештеңе жоқ. Бұндай жағдайда әкелген
майыңызды мешітке берсеңіз, жарығы күмбезге дейін
түседі. Ал жаңағы жетімдерге апарып берсеңіз, оның
жарығы Арышқа дейін биіктейді, – деп түсіндіреді.
Режеп айы
Өз уақтысында үнемі Қағбаның жанынан кетпей
құлшылық жасайтын бір әйел бар еді. Режеп айы келген-
де, қатты қуанып, күн сайын он екі рет «Ықылас» сүресін
оқитын. Бұған қоса, Режеп айын құрметтегендіктен,
жаңа киімдерін былай қойып, ең жұпыны киімін киетін.
Сол діндар әйел Режеп айында науқастанып, төсек тар-
тып жатып қалады. Ұлын шақырып, егер көз жұма қалса,
өзін осы жұпыны киімімен жерлеуін өсиет етеді.