120
Тағылым таразысы
патшалардың қасына да рұқсатсыз жетіп барам. Билік
иелерінің ығынан қорықпаймын. Бүгінге дейін ешбір
озбыр билеуші менің құрығымнан құтылып көрген емес.
Айлакер сайтанның өзі менен қулығын асырып кете
алған жоқ», – дей келе, әлгі қатігез адамның жағасынан
ала түсті. Ол болса қатты қорыққаннан құлап қала жаз-
дап, сол жерде дірілдеп-қалтырай бастайды. Іле-шала
басын көтеріп мүсәпір кейіпте: «Онда сен жан алғыш
Әзірейіл шығарсың?» – дейді. Періште «Иә, тап соның
өзімін», – деп жауап береді.
Қатігез билеуші жалына бастайды:
– Онда тәубе етуге мұрша бересің бе?
– Қайдағы мұрша?! Сенің әрбір жыл, әрбір ай, күн,
сағат, минуттарың таусылды.
– Мені қайда апармақсың сонда?
– Сені өзіңнен бұрынырақ жіберген амалдарың мен
салған үйіңе апарамын!
– Мен бұрын ешқандай сауапты амалдар жолдап,
жақсы үй салдыра қойған жоқпын.
– Онда сені бас теріңді үйітетін қыз-қыз қайнап
жатқан отқа апарып тастаймын!
Артынша ажал періштесі оның жанын алады.
Жанұясындағылардың бірі айғайлап, бірі жылап қала
береді.
Баға жетпес байлық
Бір кісі Жалаладдин Румиге келіп, кедейлігін айтып,
мұңын шағады. Ғұлама одан: «Егер бір дене мүшеңді
кесіп алып, орнына мың алтын ұсынса, сен бұған разы
болар ма едің?» – деп сұрайды.
Ол кісі: «Жоқ, о не дегеніңіз?!» – деп жауап
береді.