Previous Page  126 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 208 Next Page
Page Background

126

Тағылым таразысы

жасадым, тәубе жасасам қабыл бола ма?» – деп сұрады.

Қандай күнә жасағанын сұрағанымда, зина жасағанын,

зинадан тапқан баласын өлтіргенін айтты. Мен: «Бір

күнәмен қоймай сәбидің де қанын жүктепсің. Ант

етейін, сенің тәубең қабыл болмайды», – дедім. Бұны

естір-естімес әлгі әйел талып қалды.

Кетіп бара жатып: «Апыр-ай, Пайғамбарымыздың

көзі тірі кезінде пәтуа беретін мен кіммін?!» – деп,

кері бұрылып Пайғамбарымызға барып мән-жайды

түсіндірдім. Ол маған: «Өзің де оңбапсың, оны да

жетістірмепсің. Мынадай аяттар барда, сен қалай ондай

жауап айтасың. Ұлы Жаратушы Құранда былай деген:

«Олар Аллаһтан басқа тәңірге табынбайды, нақты

әділ үкім шықпайынша, Аллаһ харам еткен жанды-

ны өлтірмейді, зина жасамайды (міне солар шынайы

құлдар). Кім бұларды жасаса, жазаға тартылады. Қиямет

күні ондай адамның азабы үсті-үстіне еселеніп, мәңгілік

жалғасады. Алайда тәуба етіп, ізгі амал жасағандар

бұдан бөлек. Аллаһ олардың жамандықтарын

жақсылықтарға айналдырады. Аллаһ өте кешірімді әрі

өте мейірімді»

13

».

Бұны естігенде, әлгі әйелді қайта тауып алып,

Пайғамбарымыздың айтқан пәтуасын білдірдім. Ол

бұған жүрегі жарыла қатты қуанды, сөйтті де: «Бір

бақшам бар еді, соны Аллаһ жолында садақа ретінде

бағыштадым», – деді.

«Мәсад» сүресі

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) елді Сафа төбесінің

басына жинайды да:

13

«Фурқан» сүресі, 68-70-аяттар