Previous Page  130 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 208 Next Page
Page Background

130

Тағылым таразысы

Шарап

Бір күні сахаба Ибн Ауф тамақ пісіріп, елді қонаққа

шақырды. Жұрт тамаққа отырғанда, әдеттегідей

шөлмектің басы қылтияды. Ол уақытта араққа әлі тый-

ым салынбай тұрған кез. Жұрт ішіп-жеп, ағарғаннан да

ұрттап отырды. Намаз уақыты кіргенде, біреуі шығып

имам болады. Бұл ақшам намазы еді. Имам «Кәфирун»

сүресіноқыды.Сүре ішіндегі «сендердіңтабынғандарыңа

мен табынбаймын» деген аятты мастықтың әсерімен

«сендердің табынғандарыңа табынамын» деп жібереді.

Міне, осы оқиғадан кейін Жәбірейіл періште (а.с.)

мына аятты әкелді:

«Ей, иман еткендер, мас кезде не айтқандарыңды

анық білгенге дейін намазға жақындамаңдар.

Жолаушылықтан тыс уақытта жүніп болсаңдар, ғұсыл

алғанға дейін намаз оқымаңдар»

18

Бұл аяттан кейін біраз мұсылмандар шарап ішуді

біржола тастады, бірақ анық әмір келмегені үшін және

араққа тәуелді болғандықтан, кейбіреулер да құптан

намазынан кейін ішетін. Осылайша анық хабар келген-

ге дейін мүминдер бірте-бірте арақтан алыстай берді.

Аллаһ тағала мас қылатын нәрселердің бәрін харам ет-

кенде, арақ ішу сап тыйылды.

Қырық күн

Яһудилер әу баста Мұса пайғамбарға (а.с.) түскен

Тәуратты ұстанған, бірақ бертін келе ол кітапты көп

бұрмалады. Құдай сөзін өзгертіп жіберді. Ақырғы елші

Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

келгенде, оны да мой-

18

«Ниса» сүресі, 43-аят