Previous Page  132 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 208 Next Page
Page Background

132

Тағылым таразысы

«Раббымыз бізді мәңгілік тұрақтайтын жерге ор-

наластырды. Бұл жерде біз ешқашан жалықпаймыз, әрі

шаршамаймыз»

20

Уәде

Әнәс ибн Надр (р.а.) Бәдір соғысына қатыса

алмағанына іштейөкінуші еді. БіркүніПайғамбарымызға

(с.а.с.) келіп: «Мүшріктерге қарсы алғашқы соғыста

қасыңыздан табыла алмағаныма өкінем. Егер алда осын-

дай мүмкіндік туса, аянып қалмас едім» дейді.

Күндер жылжып өтіп жатты. Мұсылмандар аспанын

тағы да қара бұлт қаптады. Бұл Ұхұд соғысы еді. Бәдірде

оңбай жеңілген мүшріктер бұл соғысқа жақсылап дай-

ындалса керек. Бір мезет мұсылмандардың әскері сыр

беріп, іргесі сөгіле бастағандай болды. Әнәс ибн Надр

(р.а.) бытырай бастаған әскерге бір сәт мұңлы көзбен

қарап тұрды да, «Я, Раббым, бұларды кешіре гөр!» –

деді. Жаныдағы Сағд ибн Муазға: «Әй, Сағд, міне

жұмақ! Рабымның атымен ант етейін, Ұхұдтың етегінен

жұмақтың иісін сезіп тұрмын», – деп, атын алдыға

тебініп қалды. Сөйтті де қоян-қолтық ұрысқа араласа

кетті. Кескілескен ұрыста Әнас (р.а.) шейіт болды. Бірақ

ұрыс алаңынан мәйіттерді жинап жүргенде, сүйегі та-

былмады. Дұшпандар оны адам танымастай етіп күл-

парша еткен екен. Қарындасы келіп саусағынан таны-

ды.

Аллаһ елшісі ол туралы мына бір аяттың уахи

етілгенін айтады:

«Мүминдердің арасында небір Аллаһқа бер-

ген уәдесінде тұрып, адалдығын дәлелдегендері бар.

20

«Фатыр» сүресі, 35-аят