138
Тағылым таразысы
Мүмин мен пасық
Бірде Құрайыш мүшріктерінің бірі хазірет Али-
ге (р.а.) келіп: «Мен қылыштасу өнерін сенен жақсы
меңгергенмін, саған қарағанда шешендігім де бар, жазу-
сызу жағынан да жаман емеспін, пәлен істі сенен жақсы
істеймін, түген жерде сенен артықпын», – деп қоймай
қояды.
Хазірет Али оған бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді:
«Бірақ сен пасықсың!»
Аллаһ тағала осы екеудің оқиғасынан кейін мына
аятты уахи етті:
«Кез келген мүмин бұрыс жолдағы біреуге ұқсар
ма? Олар бірдей бола алмайды»
29
Алғыс та күтпеу
Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауы-
рып қалды. Сәбилерінің науқасын уайымдаған Али
мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік
ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға
дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр
сұрап келген жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан
екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға
дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп кел-
ген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан
үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де
дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты
табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға
берді.
Кейіннен осыған қатысты аят түсті:
29
«Сәжде» сүресі, 18-аят