Previous Page  139 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 208 Next Page
Page Background

139

Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар

«Олар дүние тіршілігінде берген уәдесінде тұрды,

атаған нәрселерін орындады, алапаты бүкіл көкжиекті

қаптап кететін қиямет күнінен қорқатын. Өздері

қажетсіне тұра бір ғана Аллаһ разылығын көздеп

бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. Сөйтті де

«Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық.

Сендерден қайтарым ретінде ештеңе, тіпті алғыс та

күтпейміз», – деді.

..Осы себепті оларға Хақ тағала тахур шара-

бын ішкізді: «Міне, бұл – сендердің марапаттарың.

Еңбектерің қабыл болды»

30

.

Тақуалық

Ансарлар арасынан бір жігіт Құдайдан қатты

қорқатын. Бара-бара үйінен де шыға алмайтын жағдайға

жетті. Аллаһ расулы (с.а.с.) ол туралы естігенде, іздеп

үйіне барады. Босағадан енді кіре бергенде, жігіт ұшып

тұрып Пайғамбарымызды (с.а.с.) қатты құшақтай

алады. Сәлден кейін жұрт оның сылқ етіп жерге

құлағанын көреді. Жігіт сол мезет жан тапсырған екен.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) көзіне жас алып, еріндері дір-

дір етіп: «Құдайдан қатты қорыққаны соншалық – бұл

жігіттің өті жарылып кетті. Нәпсімді уысында ұстаған

Аллаһқа ант етейін, ол тозақтан құтылды», – деді.

Құранда былай делінбейтін бе еді: «Кімде-кім

Раббының алдына баратындығынан қорқып, өзін

нәпсіқұмарлықтан тежесе, баратын жері жұмақ

болады»

31

.

30

«Инсан» сүресі, 7-9, 21-аят

31

«Назият» сүресі, 40-41-аяттар