Previous Page  145 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 208 Next Page
Page Background

V Бөлім

ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФА

Түс пен ақиқат

Бірде Куфаға Дәхри атты бір дінсіз келіп, әр

нәрсені айтып халықты иманнан аздыра бастайды. Тіпті

мұсылман ғалымдарды сөз таластыруға шақырады. Осы

тұста Әбу Ханифаның ұстазы Хаммад ибн Сүлеймен

бір түс көреді. Түсінде бір доңыз келіп, өсіп тұрған

ағаштың барлық бұтақтарын жеп қойыпты. Ағаштың

өзі ғана қалыпты. Сол сәт ағаштың ішінен жас арыстан

атып шығып, әлгі доңызды талап тастайды.

Ертесі күні түстің әсерімен ұстазының абыржып

отырғанын көргенде, Әбу Ханифа ол түсті былай деп

жориды:

– Ұстаз, түсіңізге кірген доңыз халық ішіне лаң са-

лып жатқан әлгі Дәхри деп білем. Ағаш – ілім негізі, ал

желінген бұтақтарыДәхриге алданып, иманнан азғандар.

Ағаштың өзегі сізді, ал жас арыстан мені білдірсе керек.

Аллаһ тағалам жар болып, мен Дәхримен таласқа түсіп

жеңеді екенмін.

Таңертең жұрт тегіс мешітке ағылады. Бірақ Имам

Ағзам белгіленген сағаттан әдейін кешігіп келеді. Дәхри

неге кешіккенін сұрағанда, – Өзеннің суы бүгін тасып

кетіпті, өткел берер емес. Ағаштарға айтып едім, олар

дереу өз-өзінен тілініп, тақтайға айналып, қайық болып

мені бергі жаққа өткізді. Осында келгенше cөйтіп біраз

уақыт жоғалттым», – дейді.

Бұны естігенде Дәхри қарқылдап күліп: