Previous Page  150 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 208 Next Page
Page Background

150

Тағылым таразысы

Сабыр

Бір күні Әбу Ханифа дәріс оқытып отырғанда,

байқаусызда аяғын шаян шағып алады. Дәріс біткеннен

кейін барып, шәкірттері ғалымның аяғын әлдененің

шағып алғанын көріп, әбігерленеді. Ұстаздан неге ер-

терек білдірмегенін сұрайды. Сонда дана ұстаз:

– Өзім сендерге сабыр туралы айтып отыр едім.

Дәл сол кезде мені шаян шақпасы бар ма? Бұған

шыдамсыздық танытсам, сендерге қандай үлгі-өнеге

көрсетпекпін, бағанадан бері айтқанымның бәрі далаға

кетпей ме? деген ой келді. Сол үшін аяғымды ауыртса

да, ешкімге білдіргенді жөн санадым, – деген екен.

Өтірікші пәтуа бермейді

Бірде Халифа бір қисық іске оң пәтуа беруді Әбу

Ханифаға бұйырады. Әбу Ханифа бас тартады.

– Мен оң пәтуа бере алмаймын, одан да суға ба-

тып өл десең, ойланбастан оған барар едім. Сенің

қарамағыңда қаншама халық бар, бәрі де әділет күтеді.

Мен мұны орындай алмаймын, – дейді имам.

– Өтірік айтасың, – дейді халифа қайтерін білмей.

Сонда Әбу Ханифа:

– Міне, шешімді өзіңіз шығардыңыз. Мен өтірік

айтатын болсам, «өтірікшіге» пәтуа ісін қалай сеніп

тапсырмақсыз?! – деп тағы да жауап табады.

Құлшылықпен өткен түндер

Бірде аулада ойнап жүрген балалар Имам Ағзамды

көргенде, бір-біріне: «Мына кісі таңға дейін ұйықтамай

құлшылық жасайды екен», – дейді. Имам Ағзам болса,

ақшамнан таң арайлағанға дейін емес түннің бір бөлігін