Previous Page  153 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 208 Next Page
Page Background

153

Имам ағзам Әбу Ханифа

үздіксіз намаз оқиды» дегеніндей, әрқашан жүрегімен

Аллаһтың құзырында екенін айтқаны. Және «бүлікті

жақсы көремін» деді. Бүлік деп отырғаны бала-шағасы

мен малы. «Анығында, малдарың мен перзенттерің сен-

дер үшін фитнә, сынақ» деген аятты меңзегені. Себебі

олар көп жағдайда адамды Хақтан алыстататындықтан

фитнә деп аталған, – деп тарата сөйледі.

Осылайша шәкірттеріне түсіндіргеннен кейін сұрақ

қойған адамға қарап:

– Сен тегін емес, Аллаһты жеткілікті дәрежеде

таныған жансың, – деді.

Кәпірлердің жұмағы, мүминдердің

зынданы

Имам Ағзам бір күні үстіне сәнді, сыйлы киім киіп,

атын алтынмен әбзелдеп, патшаларға тән салтанатпен

көшеге шығады. Сайда қоқыс теріп жүрген бір христиан

оны көре салып тұра ұмтылады. Атының шылбырына

жармасып тоқтатады да:

– Уа, имам, бір ауыз сұрағым бар, жауабын бере

кет, – дейді. Имам атының басын тежегенде, христиан

сұрағын қояды:

– Сендердің пайғамбарларың «Дүние – кәпірлердің

жұмағы, мүминдердің зынданы» демеп пе еді?

– Иә.

– Енді өзің айтшы, екеуміздің қайсысымызжұмақта,

қайсысымыз тозақтамыз? – дейді. Сонда имам жылы

жымиып:

– Рас, егер сен тозақты көрсең, қазіргі халіңе көп

шүкір айтар едің. Егер мүмин жұмақты көрсе, ол қанша

бай болса да мына өмірден жерінер еді, – деп жауап

қатқан екен.