155
Имам ағзам Әбу Ханифа
Қазынасын қайда жасырғаны кеше намаз оқи бергенде
есіне түскенін айтады. Сонда имам:
– Әрине, есіңе түседі. Шайтан сені түні бойы намаз
оқытып қойсын ба? Саған намаз оқытпау үшін дереу
есіңе салған ғой. Әттең, есіңе түскеннен кейін де түннің
қалған бөлігін Аллаһқа шүкір етумен өткізгенің жөн бо-
лар еді. Шайтанды састырар едің, – дейді.
Сақтық
Әбу Ханифа харамға барынша сақ еді. Егер бір
нәрседен шүбәланса, қолындағы бар дүниесін дереу
садақаға таратып жіберетін.
Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға затта-
рын беріп, сатуға жібереді. Заттарының арасында бір
киімде ақау бар екенін ескертіп, осы киімді сатқанда,
кемістігін айтуын тапсырады. Серіктесі киімдерді са-
туын сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені ұмытып
кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмайды.
Әбу Ханифа бұны естігенде, сол заттардан түскен
қаржының барлығын тағы да садақаға арнады.
Көрші ақысы
Имам Ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі
бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал
шығарып имамның мазасын алатын. Сол жігіт бірде
абақтыға қамалады. Имам мәнжайды білгенде, қаланың
әкіміне жолығып, көршісін босатыпты. Екеуі бірге
қайтып келе жатқанда, қылығына ұялған жігіт: «Өзіңізге
жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге
түрмеден шығарам деп әурелендіңіз?» – деп сұрапты.
Сонда үлкен парасат иесі имам: «Жігітім, сен қандай
адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық