160
Тағылым таразысы
Мен еріксіз күліп жібердім. Халифа неге күлгенімді
сұрады. Мен оған осыдан көп жыл бұрын өткен оқиғаны
айтып бердім. Халифа таңданысын жасыра алмай:
– Иә, Имам Ағзам өте білімді кісі. Шәкіртінің
болашағын көре білген ғой, – деді.
Күнәһар ма, жоқ кәпір ме?
«Күнә жасаған мұсылман – кәпір» деп түсінетін
харижиттердің бір-екі адамы имам Ағзамға келіп:
«Мешіттің ауласына бірі араққа сылқия тойып жан
тапсырған ер кісі мен зина жасап, кейін жүкті екенін
сезгенде, өз-өзіне қол жұмсаған әйел әкелінсе, оларға
қандай пәтуа шығарар едің? Сенім тұрғысынан қалай
бағалайсың?» – дейді.
– Бұлар кімдер? Яһудилер ме?
– Жоқ.
– Христиан ба?
– Христиан емес.
– Пұтқа табына ма?
– Жоқ.
– Олар кімдер сонда?
– «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
оның елшісі» деген кәдімгі өзіміздің
мұсылмандар.
– Кәлима-шәһәдат иманның неше бөлігін құрайды?
Үштен бірі, төрттен бірі...
– Үштен бірі де емес, төрттен бірі де емес. Иман –
бүтін нәрсе, ол бөлшектенбейді.
– Сонда иманның қаншасы?
– Тұтас иманның өзі.
– Олай болса жауапты өздерің беріп тұрсыңдар емес
пе, олардың мүмин екенін айттыңдар. Хазірет Ибраһим