Previous Page  166 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 208 Next Page
Page Background

166

Тағылым таразысы

Сыйлық

Имамға бір танысы сыйлық жібереді. Имам артын-

ша оған да сыйлық жібереді. Бұған өкпелеген танысы

бір кездескенде:

– Маған сыйлығымды қайтарып беретініңді

білгенімде, сыйлық жасап әуре болмас едім ғой, – дейді

ойын-шынын араластырып. Сонда имам:

– Олай деме, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Егер сен-

дерге біреу сыйлық жасаса, сендер де қолдан келгенше

сыйлық жасауға тырысыңдар, жағдайларың келмесе, ол

үшін дұға етіңдер» деген хадисін естімеп пе едің? – де-

ген екен.

Жауапкершілікті сезіну

Әбу Ханифадан тарихта хазірет Али (р.а.) мен

Муғауия (р.а.) арасында болған соғыс туралы пікірін

сұрайды. Әбу Ханифа оларға:

 Мен Аллаһтың құзырына барғанда, әр сөзім үшін

жауап беруден қорқамын. Ал егер үндемесем, «неге

үндемедің?» демес. Ең дұрысы, басқаларды қойып,

әркім өзінің мұсылмандық міндетіне көңіл бөлгені жөн,

– дейді.

Ниет

Имам Ағзамның үйі Куфадағы ең әдемі үйлердің

бірі еді. Бір күні оған біреу келіп:

– Уа, имам. Өзің ғалым адамсың. Сөйте тұра мына-

дай салтанатты сарай салдырасың. Дүниеге қызыққаның

ба, мұны қалай түсіндіресің? – дейді.

Сонда Әбу Ханифа: – Рас айтасың. Мен дүниенің

құлы емеспін, бірақ Аллаһ разылығы мен адамдардың

алғысын сүйген құлмын. Үлкен сарай салдырғанымның