Previous Page  164 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 208 Next Page
Page Background

164

Тағылым таразысы

ол үшін өзіне үш жыл тегін жұмыс істеуін бұйырады.

Сәбит амалсыз келіседі. Уақыты біткенде, қожайын тағы

бір шарты барын білдіріп: «Бір қызым бар. Өзі соқыр,

өзі саңырау, қолы шолақ, аяғы ақсақ. Осы қызымды ал»,

– дейді. Сәбит бұған да көнеді.

Той күні келеді. Сәбит «кемтар» қалыңдығын күтіп

отырады. Кенет ішке ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу

қыз кіріп келеді. Сәбит түкке түсінбей қыздың әкесіне

қарайды. Сонда қыздың әкесі:

– Мен қызымды иманды, адал жігітке бергім кел-

ген еді, бірақ ешкімді оған лайық көрмедім. Сөйтіп

жүргенде сен жолықтың. Мен сенің адалдығыңды

сынағым келді. Қызымды кемтар етіп сипаттаған

себебім, қызым осы жасқа дейін жаман сөз естіген

емес, сол үшін «саңырау» дедім, «соқыр» деп харамға

қарамағандығын айттым. «Қолы шолақ» деген себебім,

арам ұстатпай тәрбиелегенім. Аяғы ақсақ дедім, өйткені

ол туғалы нашар орындарға аттап басқан емес, – деп

түсіндіреді.

Міне, Имам Ағзам осындай әке мен шешеден туған

екен.

Амалсыз ілім

Бір шәкірті Әбу Ханифадан:

– Бәрін біліп, бірақ білгенімен амал етпегеннің

жағдайы не болады? – деп сұрайды. Имам шәкіртіне

«Жұма» сүресінің бесінші аятын оқыды:

– «Түсірілген

Тәуратты

оқымағандардың

(Тәураттың жолымен жүрмегендер) жағдайы кітап

арқалаған есектікіндей». Құранды оқып, бірақ оның

әмірін орындамағандарға Тәуратта осындай мысал

берілген, – деді де, мынаны айтты, – ілім үйреніп, оны-