Previous Page  165 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 208 Next Page
Page Background

165

Имам ағзам Әбу Ханифа

мен амал етпеген адам дәрінің түр-түрін жинап алып,

дәрігер келгенге дейін ештеңе істей алмаған адамға

ұқсайды. Пайдасы жоқ білімнің керегі не?

Бір мысал

Ертеректе Куфа жерінде халықтың отқа табы-

нуы кеңінен етек алды. Әбу Ханифа заманында да

мәжусилер (отқа табынушылар) көптеп кездесетін. Бір

күні солардың бір тобы Әбу Ханифаға келіп:

– Көзіңмен көрмеген Жаратушыға қалай

табынасың? – деп сұрақ қояды. Имам Ағзам оларға мы-

сал бергенді жөн көрді:

– Қазына тиеп алып, ештеңеге соқтықпай өз

бағытымен жүзіп бара жатқан кемені иесіз дей ала-

сыз ба? Ой көзімен көре білген адамға мына жер мен

жұлдыздар да ғарыш кеңістігінде кемедейін жүзіп бара

жатқан жоқ па? Кеменің жүргізушісі болса, әлемнің Жа-

ратушысы мен Басқарушысы неге болмасқа?!

Ескерту

Әбу Ханифа бірде байқамай кішкентай бір баланың

аяғын басып кетеді. Бала имамға:

– Қияметте қысас

болудан қорықпайсыз ба? –

дейді.

Баланың бұл айтқаны Имам Ағзамға үлкен ой са-

лады. Түрінен бір өзгерістің болғанын байқаған доста-

ры не болғанын сұрайды. Имам басынан өткенді айтып

келіп:

– Балаға айтқызу арқылы Аллаһ бізге үлкен ескер-

ту жасауда, – дейді.