157
Имам ағзам Әбу Ханифа
бұл жолы көңілді оралады. Зергердің тасқа өте қымбат
сома ұсынғанын айтты. Сонда имам шәкіртіне:
– Көрдің бе, ұлым, кез келген нәрсенің қадірін
соның маманы ғана біледі, сол ғана лайықты бағасын
береді. Сен тасты кеншіге апарғаның сияқты білімді
де монша иесіне бағалатқың келді. Ол ілімнің бағасын
қайдан білсін? Оған бола ілімнен қол үзуің дұрыс емес.
Білімнің қадірін көзі ашық кісілер ғана біледі. Сен ілімді
Аллаһ разылығын алу ниеті мен ғалымдардың ізін одан
әрі жандандыру үшін оқы. Білім адамды екі дүниеде де
қадірлі етеді, – деп түсіндіреді.
Дүние – қолдың кірі
Имам Ағзам Әбу Ханифа үлкен ғалым болуы-
мен қатар саудамен де айналысатын. Түске дейін
шәкірттеріне дәріс беріп, түстен кейін саудасына бара-
тын. Бір күні шәкірттерімен мәжілісте отырғанда біреу
кіріп келіп:
– Уа, имам, кемеңіз суға кетті, – дейді. Имам сау-
даны көбіне кемемен жасайтын. Келген жаңалыққа селт
етпестен «Әлхамду лиллаһ» дейді де қояды. Көп өтпей
әлгі адам қайтып келеді.
– Айыпқа бұйырмаңыз. Жаңағы батқан кеме сіздікі
емес екен, – дейді. Бұл жолы да имам «Әлхамду лиллаһ»
дейді де, дәрісін жалғастыра береді. Жігіт ғалымның
бұл қылығына таң болады. Кейін осы жайлы сұрағанда
имам:
– Сен «кемең батты» деп хабар әкелгенде, ішімде
кішкене болса да дүниеге деген қимастық білінбеді. Сол
үшін Аллаһқа мадақ айттым. Кейін батқан кеменің менікі
емес екенін жеткіздің. Мұны естігенде де, жүрегімде