Previous Page  146 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 146 / 208 Next Page
Page Background

146

Тағылым таразысы

– Оу, ағаштар өзінен-өзі қайық болды дегенге кім

сенеді? – дегенде, осы сөзді күтіп тұрған Әбу Ханифа:

– Қарапайым қайықтың да өздігінен жасалмайты-

нын білесің. Олай болса, Күн мен ай, жұлдыздар мен

ғалам қалай өздігінен пайда болды демексің? – дейді.

Дәхри бұған жауап айта алмайды.

Әбу Ханифа: – Жә, сұрақтарыңа көш, – дейді.

Дәхри: – Бар нәрсенің қалай бастауы мен соңы бол-

майды? Бұл мүмкін емес қой? – дейді.

– Бірдің алдында қандай сан бар? – дейді Әбу Ха-

нифа өзіне қарсы сұрақ қойып.

– Ешқандай сан жоқ.

– Олай болса, шынайы бір Жаратушыдан бұрын да

ешқандай жаратылыстың болмауы осы секілді.

Дәхри сөзден тосылады. Сөйтеді де келесі сұраққа

өтеді:

– Өмірде барлық нәрсенің бір бағыты бар емес пе?

Мәселен, оңға, солға, жоғарыға, төменге, алға, артқа де-

гендей. Ал Жаратушы қай бағытқа қарап тұр?

Әбу Ханифа шам жағады да: – Бұның сәулесі қай

жаққа түсіп тұр? – деп сұрайды.

Дәхри: – Оның сәулесі барлық жаққа бірдей түседі,

– дегенде, Әбу Ханифа: – Қарапайым ғана шырақтың

сәулесі жан-жаққа тегіс түсетін болса, көк пен жердің

шынайы нұры болған Жаратушыны белгілі бір бағытпен

қайтіп шектерсің? – дейді.

Дәхри бұған да дау айта алмайды. Келесін сұрағын

былай деп қояды: – Өмірде барлық нәрсенің өзіне тиесілі

орны бар. Жаратушының орны нақты қай жерде?

Әбу Ханифа сол мезет сүт алдырып: – Мына сүтте

май бар ма? – деп сұрайды.

– Иә, бар.