137
Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар
көзбен атқызды. Таң атып әлгі қонақжай ансар мешітке
келгенде, екі әлем Сардары (с.а.с.) оған: «Аллаһ тағала
жасаған игі амалыңа разылық танытты» деді.
Осы оқиғаға орай «Өздері таршылықта бола тұра,
басқаны өздерінен артық көреді»
27
деген аят түскен
еді.
Аққа Құдай жақ
Ислам әскері бір жорыққа шыққан еді. Бір ме-
зет күтпеген жерден жорыққа қатысқандар арасында
кішігірім келіспеушілік туындайды. Оқиға былай болды.
Әне-міне соғыс басталғалы тұрғанда мұнафықтардың
бірі: «Пайғамбарымыздың бұл жолғы қолданбақ тәсілі
дұрыс емес, жеңіліп қара бет болғанша елге қайтқан
дұрыс», – деп сарбаздарды жік-жікке бөліп алауыздық
туындатады. Зәйд ибн Әрқам (р.а.) бұл жағдайды
Расулаллаһқа ескерткенді жөн көреді. Аллаһ елшісі сөз
иесін тауып алып шақыртады да, Зәйдпен беттестіреді.
Бірақ анау мойындамай қояды. Мұндай қиянатқа Зәйдтің
шарасы таусылып, әбден ызаланады. Ақыр соңында
Зәйд ибн Әрқамның (р.а.) ақ екендігі Аллаһтан келген
уахимен белгілі болды:
«Мұнафықтар саған келіп: «Сенің Аллаһ расулы
екеніңе куәлік етеміз», – деді. Оның Расулы екенін
Аллаһ, әрине, біледі. Бірақ Аллаһ мұнафықтардың
өтірікші екенін де біледі»
28
27
«Хашыр» сүресі, 9-аят
28
«Мұнафиқун» сүресі, 1-аят