Previous Page  133 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 208 Next Page
Page Background

133

Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар

Олардың кейбіреуі айтқанын орындады, кейбіреуі

өз кезегін күтуде. Олар берген уәделерінен ешқашан

қайтпады»

21

«Сен Аллаһтың елшісісің!»

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хира үңгірінен шығып

үйіне қарай келе жатқан еді. Бір мезет ту сыртынан

әлдеқандай зор дауыс естілді:

«Әй, Мұхаммед, сен Аллаһтың елшісісің!»

Расулаллаһ күтпеген бұл дауыстың иесі кім екенін

білгісі келіп жан-жағына қарады, ешкім жоқ. Басын

көтеріп аспанға қарағанда, өзіне төніп тұрған Жәбірейіл

періштені (а.с.) көрді. Тұлғасының алыптығы соншалық

– аспанды тұтас тұмшалап тастағандай еді. Оны алғаш

Хира үңгірінен көргені есіне түсті. Бұрын көрсе де

Расулаллаһтың қорқыныштан тұла бойы дірілдеп қоя

берді. Жүгіріп үйіне барып, жары Хадиша анамызға өзін

көрпемен қымтап жауып тастауын өтінді.

Сол сәт мына аят уахи етілді:

«Ей, бүркеніп жатқан (пайғамбар)! Түрегел!

Жұртыңа Раббыңның ұлылығын ескерт. Киіміңді таза

ұста. Кірден аулақ бол. Бергеніңді көпсініп міндетсіме!

Раббыңның жолында сабыр ет»

22

.

Керуен келгенде

Күн жұма еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінбеге

шығып құтпа оқи бергені сол екен, қалаға әр түрлі

тағамдар артып, маңайын ойын-сауыққа бөлеп бір ке-

руен кіріп келе жатты. Жұрттың дені жастар мен дінді

21

«Ахзаб» сүресі, 23-аят

22

«Мүддәссир» сүресі, 1-7-аяттар