129
Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар
кейін, қайтадан жаңа пұт жасап алатын. Соған қайта та-
бынатын.
Төмендегі аят осы туралы:
«Олар кемеге мінгенде қалтқысыз сеніммен бір
Аллаһқа иман етіп, Соған ғана жалбарынады. Ал оларды
аман-есен құрлыққа шығарғанда, серік қосуды қайтадан
бастайды»
16
Күтпеген рызық
Ибн Мәлік (р.а.) өте кедей тұратын. Бір күні баласы
мүшріктердің қолына тұтқынға түсіп қалады. Бұл Ибн
Мәліктің қайғысын ұлғайтты. Аллаһ елшісіне барып
жағдайын айтып еді, мынадай кеңес алды: «Аллаһқа
сиын, сабыр сақта және «лә хаулә уә лә қууәтә иллә
билләһ» деген дұғаны жиі айт».
Ибн Мәлік (р.а.) бұл айтылғанды істеп жүрді. Бір
күні үйінде отырғанда біреу есік қақты. Есікті ашса,
қарсы алдында ұлы тұр. Қашып келген екен. Үсті-басы
жырым-жырым. Құр қол келмей мүшріктердің жүзге
тарта түйесін айдап келіпті. Әкесі ұлымен қауышты, әрі
кедейлікпен де қоштасқандай. Бірақ ол Аллаһ елшісінен
сұрамастан, барымталанған малдың ешқайсысына
тимеді. Аллаһ елшісі рұқсат бергенге дейін кедейлікпен
күнін көре берді.
Осы оқиғадан кейін мына аяттар түсті:
«..Оны ойламаған жерден рызықтандырады.
Аллаһқа арқа сүйегенге Аллаһ жеткілікті. Аллаһ әмірін
міндетті түрде орындайды. Расында, Аллаһ барлық
нәрсеге бір-бір өлшем қойған»
17
.
16
«Анкәбүт» сүресі, 65-аят
17
«Талақ» сүресі, 3-аят