128
Тағылым таразысы
Пұтқа табынушылық
Бір күні мүминдер мүшріктерден: «Жер мен көкті
және сендерді кім жаратты?» – деп сұрады. Мүшріктер
«Аллаһ» деп жауап берді.
– Онда неліктен меңіреу пұттарға табынасыңдар?
– Пұттарға бізді Аллаһқа жақындатсын деп табы-
намыз. Біз оларға ғибадат етсек, олар біз үшін Аллаһтан
шапағат тілейді.
Осыдан кейін мына аят түсті:
«Кітаптың уахимен жеке-жеке түсуі Азиз әрі Ха-
ким Аллаһтан. Біз саған кітапты нағыз ақиқат ретінде
түсірдік. Олай болса, сен де бір ғана Аллаһқа құлшылық
ет. Естеріңде болсын, жалғыз Аллаһқа табынса ғана дін
таза болады. Одан басқаны құдай етіп: «Бұларға бізді
Аллаһқа жақындатсын деп табынамыз» дегендерге кел-
сек, олар таласқан мәселеде Аллаһ Өзі үкім береді. Аллаһ
суайттық, көрсоқырлық пен күпірлікке салынғандарды
тура жолға салмайды, мақсатына жеткізбейді. Аллаһ
перзент иеленуді қаласа, жаратқандарынан қалағанын
алатын еді. Бірақ ол перзент иеленбеді. Ол бұдан пәк,
кез келген нәрсені хикметпен жарататын Хаким!»
15
Қорыққанда ғана
Мекке халқы кейде сауданы кемемен жасайтын.
Надандық дәуірінде олардың пұтқа табынғаны белгілі.
Кемемен саудағашыққанда да пұттарын «ертіп»жүретін.
Саудагерлер кейде теңізде дауыл тұрып жандары мұрын
ұшына келгенде, жапа-тармағай пұттарын теңізге
лақтырып, «Я, Аллаһ, өзің жар бол» деп Аллаһқа сиы-
натын. Дауыл басылып аман-есен құрлыққа түскеннен
15
«Зүмәр» сүресі, 1-4-аяттар