Previous Page  123 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 208 Next Page
Page Background

123

Тақуалық тәмсілдер

Ақыры әлгі әйел қайтыс болады. Ұлы шешесі өсиет

еткеніне қарамастан, ел-жұрттан ұялып, анасын жаңа

киіммен жерлейді.

Біраз күннен кейін ұлының түсіне кірген арнасы:

«Балам, неге менің өсиетімді орындамадың? Мен саған

наразымын», – дейді.

Таңертең ұйқыдан оянған баласы анасының өсиетін

орындау үшін дереу қабірге жүгіреді. Қабірді ашқанда,

анасының денесін таба алмайды. Есі шығып, не істерін

білмеген жігіт қайғырып, басын тоқпақтап жылай ба-

стайды.

Сол кезде әлдеқайдан оған: «Әй, құлым! Режеп

айын құрметтеп оразамен өткізген пенделерді қабірде

біздің жалғыз қалдырмайтынымызды білмеуші ме ең?!»

– деген дауыс естіледі.

Лимон мен алма

Бірде екі сатушы қатар тұрып біреуі лимон, екіншісі

тәтті алма сата бастапты. Бірақ неге екенін лимон сатып

тұрғанның саудасы жақсы жүріп, алма сатып тұрғанға

көп ешкім беттемепті. Тәтті тұрғанда елге қышқыл

ұнағаны қалай, тәтті алмамнан неге жұрт алмайды деп

ойлаған екінші саудагер бұның мәнісін білмек болып бір

данышпанға жолығыпты. Сонда данышпан оған: «Сен

тәтті сатып тұрғанмен түрің суық, қабағың қату екен, ал

анау қышқыл сатқанмен жылы жүзді, майда тілді екен.

Ел өңі жылы, сөзі жұмсақ адамдарға көбірек үйір келеді.

Бұның бар мәнісі осы», – деп түсіндірген екен.

Таяқ жеген шәкірт

Парсы патшаларының бірі баласын оқыту үшін

ұстаз жалдайды. Шәкірттің білімі мен тәрбиесі ке-