119
Тақуалық тәмсілдер
Мен: «Әй, Әбул-Әсқа! Отбасыңда садақаны апа-
рып беретін басқа адам жоқ па еді? Неге өзің апарып
бердің?» – дедім.
Сол кезде ол: «Бар, бірақ кімде-кім бір нәрсені
пақырға өз қолымен апарып берсе, әрбір басқан қадамы
үшін бір күнәсі кешіріледі. Ал садақаны қолына
ұстатқан сәттен бастап жүрген әр қадамы үшін он күнәсі
кешіріледі», – деп жауап берді.
Жамандықтың үш негізі
Ібіліс өзінің көмекшілерін жинап: «Адам баласы
дүниені жақсы көре ме?» деп сұрайды. Олар «Иә» деп
жауап қатты. Ібіліс сонда: «Егер дүниені жақсы көрсе,
олардың пұтқа табынбауы аса маңызды емес. Онда олар-
ды күндіз-түні осы осал тұсынан азғыру керек. Әсіресе
мына үш нәрсеге итермелеген жөн:
1. Харам жолмен ақша табуға;
2. Тапқан ақшасын харам істерге шашуға;
3. Қажетті әрі сауапты орындарға жұмсатпауға.
Өйткені барлық жамандықтың негізі осы үшеуінде
жатыр», – деді.
Мені қайда апармақсың?
Язид әр-Раққаши әңгімелеуде:
Көне бір уақытта Исрайылұлдарының халыққа
қиянаты көп өткен озбыр билеушісі бар еді. Бір жолы
сол билеуші отбасындағылармен оңаша қалды. Осы
кезде үйіне біреудің кіріп келе жатқанын байқайды.
Дереу ашумен оған жетіп барып: «Неғылған адамсың?!
Менің үйіме сені кім кіргізді?!» – дейді айғайлап. Кірген
кісі: «Мені осы үйдің егесі кіргізді. Мен сондай кісімін,
ешкімнің қақпасы алдымды тоса алмайды. Керек десең,