114
Тағылым таразысы
болдым, сен одан сайын жыладың. Ақырында амалым
таусылып, көршінің рұқсатынсыз саусағымның ұшын
қазанындағы сорпаға батырып, саған дәм таттырып
едім, – дейді.
Бұны естігенде, жігіт дереу анасын жібертіп,
көршіден кешірім сұратады. Содан кейін барып Баязит
Бистамидің жүрегі жай табады.
Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?
Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ
тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға
жер таппай кететін, өйткені Жаратушы иеден қатты
қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны
қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе
сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік
пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам... ораза
ұстадым да дей алмаймын, – деп күмілжи жауап беретін.
Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» да дей алмайтын.
Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма,
жатпай ма деген күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бар-
майтын.
Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің
ауыз бекітіп, бекітпегеніңді білмейсің бе? – дегенде,
ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін
де қоятын.
Имам Шафиғидан өнеге
Имам Шафиғи бір малшыны көргенде, ізетпен
орнынан түрегеледі. Қасындағылар «Малшыға сонша
құрмет көрсеткеніңіз қалай?» − деп сұрағанда, «Бұл кісі
кезінде қанша кітапты қарап таба алмаған бір мәселенің
жауабын маған үйретіп еді, сондықтан бір рет те болса