Previous Page  109 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 208 Next Page
Page Background

109

Тақуалық тәмсілдер

Сыйлық

Бір ауылда өзінің әулиелігін жұрттан жасыру үшін

елге бал сатушылық кәсіппен танылған бір кісі бар

екен. Бір күні қасына келген алушысы: – Кейде ішегім

бүріп ауырғанда бал жесем басылып қалады. Құдайға

шүкір, өткен жолы да сізден алған балдан шипа дарып,

жаным жай тапты, – депті. Сонда әулие кісі тосыннан:

– Бір шейхтің мүриді ұстазына тәспі сыйласа керек, –

деп әңгіме бастапты. Шейх жоғалып кетпесін деп жай

уақытта тәспіні суырмаға сап қойғанмен әлгі мүридінің

келе жатқанын көрсе болды, берген тәспісін алып тарта

бастайды екен. Бұны байқаған басқа бір шәкірті шыда-

май: – Ұстаз, бұл қылығыңыз көзбояушылыққа жатпай

ма, тәспі берген мүридіңіздің келе жатқанын көргенде

ғана дереу тәспіні алып тарта бастайсыз? – деп сұрапты.

Сонда ұстазы: – Менікі ешқандай да көзбояушылық

емес, қайта Исламдағы әдептілікке жатады, өйткені

сыйлық берген адам берген сыйлығын сенің қолданып

жүргеніңді көргенде іштей қуанып қалады, – деп

түсіндіреді.

Бал сатушы қасындағы кісінің осыған ұқсас әдепті

істі орындағанын меңзеп, өзінің бұған іштей қуанып

қалғанын әңгімесімен сездірген екен.

Сабырдың шыңы

Жан-тәнімен құлшылыққа берілген нәзік жан иесі

Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-

жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар

ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады.

Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «Апыр-ай,

өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па?» де-

ген ой келді. Осы мезет есік қағылып, көршісі бір табақ