Previous Page  111 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 208 Next Page
Page Background

111

Тақуалық тәмсілдер

де қуана білсе, сол кезде құлдың Аллаһқа разы екендігі

танылады», – деп жауап қатты.

Сабыр түбі

Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің

күнінде Аллаһтың әмірімен сәбиі науқастанып жан тап-

сырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ

тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады.

– Баланы аманат ретінде бізге берген Аллаһ сол

аманатын қайтып алды, – деді отағасы жұбайын жұбата:

– Сабыр етсек, баламыз ақыретте бізге шапағат етіп,

жаннатқа бастайтын болады. Сабыр сақтағандарға үлкен

сауап уәде етілген. Аллаһтың қай ісінде де хикмет бары

сөзсіз.

– Дұрыс айтасың, – деді әйелі де мұңайып, –

түбі бәріміздің барар жеріміз ғой, бұйырса, баламыз-

бен жұмақта кездесерміз. Оны Раббымыздың бізден

де қатты жақсы көретініне сенем. Ендігі жерде біздің

қолымыздан тек дұға ету ғана келеді.

Бұл иманды жандардың осыншалықты төзімділігі

үлкен сауапқа себеп болды. Шексіз ілім иесі Ұлы Аллаһ

періштелеріне:

– Ей, періштелерім! Мен пәленше деген құлымды

бауыр еті баласынан айырдым. Олар бұны қалай

қабылдады, не айтып жатыр? – деп сұрады.

Аллаһтың әр нәрсені бүге-шігесіне дейін білетінінен

хабардар періштелер әдеппен былай деді:

– Олар бұған сабыр етті. «Біз Аллаһқа тиесіліміз.

Содан келдік және түбі Соған қайтамыз» деп тағдырға

разылық танытты. Шүкіршіліктен танбай, Саған тәуелді

екендерін еске алды.