Previous Page  113 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 208 Next Page
Page Background

113

Тақуалық тәмсілдер

Хасан Басри сөзін жалғап: «Әттең, ол жердегілер

періштенің бұл айтқанын естімейді. Әйтпесе, өлікті

қойып, әркім өзін ойлап жылар еді», – деген.

Неге күле бересің?

Табиғин заманында көп күлетін, жеңілтекмінезді

бір бала болыпты. Бірде Хасан Басри әлгі баладан: «Неге

күле бересің?» – деп сұрағанда, ол қапелімде ештеңеге

түсінбей тұрып қалады.

– Осыншалықты бос күлкі саған жараса ма? Әлде

ақыретте қыл көпірден сүрінбей өтетіндей жағдайың

бар ма?

– ...

– Әлде жұмаққа кіретініңе сенімдімісің?

– ...

– Мүмкін, саған тозаққа түспейтінің анық білдірілді

ме?

– Жоқ.

– Ендеше көп күлу бізге лайық емес.

Хасан Басридің сөзі балаға кәдімгідей ой салады.

Балаға әсер еткені соншалық – ол баланың бұдан кейінгі

өмірінде күлгенін ешкім көрмеген деседі.

Бір түйір харам ас

Баязит Бистами жас кезінде құлшылықтарынан кей-

де ләззат ала алмай жүрді. Бірде анасына барып:

– Кейде өзімді Аллаһтан алыстағандай сезінемін,

бірақ себебі өзіме беймәлім, – деп ішкі сырын айтады.

Анасы ойланып отырып:

– Бір-ақ нәрсе есімде, – деді, – сенің төрт-бес

айлық кезің. Көтеріп алып көрші үйге барғанмын. Сәл

отырғаннан кейін сен жылай бастадың. Мен уатпақ