Previous Page  112 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 208 Next Page
Page Background

112

Тағылым таразысы

Адамзатқа ғибрат болуы үшін періштелерінен

әдейі сұраған Ұлы Жаратушы оларға марапатты лайық

көріп:

– Ендеше, бұл құлдарым үшін жаннатқа бір сарай

салыңдар. Оны «Шүкірлік сарайы» деп атаңдар, – деп

бұйырды.

«Қызды ұзатуға асық»

Нақшыбенди шах қызы бойжетті-ау дегенде оны

ертіп, медресеге кеп, шәкірттер арасынан күйеу бала

таңдады. Біршама сынай қарап, көңілі толған жігітті

тапқанда:

«Қызым бойжетті. Ендігі уақытта бір күн де

ұстамағанды абзал көрем. Шәкірттерімнің арасынан

таңды құлшылықпен атырған тек сені көріп тұрмын,

сондықтан қызымды саған лайық көрдім», – деп, Ала-

уддин Аттарға некелеген екен.

Әлі келем

Хасан Басри әңгімелеуде:

«Әзірейіл (а.с.)жербетіндегі әрүйді күнінеүшреттен

қадағалап отырады. Оның бұлай бақылау жүргізбейтін

бірде-бір күні болмайды. Қай үйдегі адамның дәм-тұзы

таусылып, өмірінің соңы таяған болса, сол кісінің барып

жанын алады. Жанын алған кезде, әлгі үйдің адамдары

есі кетіп, байбаламдап жылайды.

Ажал періштесі сол кезде есікке жақын тұрып:

«Аллаһқа ант етейін, мен оның ғұмырын тауысып, я

ризығын жеп кеткен жоқпын. Оған берілген өмірінен еш

нәрсе кеміткен де емеспін. Бұл шаңыраққа әлі бірнеше

қайтара соғатыным ақиқат. Тіпті араларыңнан ешбіріңді

қалдырмағанға дейін әлі келем», – дейді.