110
Тағылым таразысы
сорпа әкеліп береді. Үй іші қараңғы болғандықтан,
тамақты жерге қойып, майшамды әкелуге кеткенде,
тамақты мысық төгіп кетеді. Тақуа мұны: «Ештеңе ет-
пес, сумен ауыз ашармын», – деп ойлады. Суды енді
ішпекке қолына алғанда, тостағаны жерге түсіп кетіп
қақ бөлінеді.
Ол осы кезде шарасыздықпен қолын жайып: – Уа,
раббым, бейшара құлыңды сынап жатырсың-ау, бірақ
әлсіреп кеттім, сабырым жетер емес, – деп аһілеп-
уһіледі.
Осы сәт ғайыптан бір дауыс естілді: – Уа, Рабиға,
қаласаң, жер әлемнің байлығын үстіңе жаудырайын.
Қаласаң, күллі рухани дертіңді жоқ қылайын. Алайда
біліп қой, ақыреттің байлығы мен дүниенің байлығы
ешқашан қатар жүрмейді!
Бұны естігенде әулие:
– Уа, Раббым, бар есіл-дертім сенде ғана болсын,
көңілімді басқаға бұрғызба, – деп күбірлеп дұға етті...
Астағфыраллаһ!
Рабиға Адауияның қасында тақуа кісілердің бірі
Сәури: «Раббым! Бізге разы бола гөр!» –деп дұға етті.
Рабиға Адауия бұны естігенде: «Алдымен өзің
Аллаһқа разы болмай тұрып, Аллаһтың өзіңе разы бо-
луын сұраудан ұялсаң етті?!» –деді.
Сәури ойланып тұрып: «Астағфыраллаһ!» – деді.
Бұған куә болған Басралық тақуа кісілердің бірі
Жағфар ибн Сүлеймен әд-Даби: «Құлдың Аллаһқа разы
екендігін қалай байқаймыз?» –деп сұрады.
Сонда рухани тереңдігімен танылған Рабиға Ада-
уия: «Қуанышқа қуанғанындай қайғыға тап келгенінде