Previous Page  106 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 208 Next Page
Page Background

106

Тағылым таразысы

таңырқап: «Сен неге күлесің?» – дегенде, ол: «Алди-

яр тақсыр, мен төсегіңізге бір рет жатып көрейінші деп

сонша таяқ жедім, ал сіз күнде осы төсекте ұйықтайсыз.

Алда-жалда Аллаһ тағала да сізді жауапқа тарта қалса,

қайтер екен, сірә, таяқ жеудің көкесі сонда болады-ау

деген ой келді. Соған күлдім», – деп жауап береді.

Патша Ибраһим ибн Әдхам бұл сөзге көп ойланады.

Ақыр соңында сән-салтанаттан өз еркімен бас тартып,

тақуалыққа бет бұрады.

Ысырап

Тақуа кісілерден ысырапқа қатты көңіл бөлетін

Хатими Әсам деген кісі бар еді. Өзімен замандас бір

ғалымның тым ысырапшыл екенін естігенде, арнайы

іздеп барады.

Кездескен бойы: «Дінді үйренсем деп едім, маған

ұстаз бол», – деп қолқа салады. Әлгі ғалым: «Алды-

мен не үйренгің келеді?» – деп сұрайды. Хатими Әсам:

«Алдымен маған дәрет алуды үйрет», – дейді. Бұны

мақұл көрген ғалым баппен дәрет алып, әр мүшесін

үш реттен жуып шығады. Бәрін бақылап отырған Ха-

тими Әсам оған: «Енді мен дәрет алайын, қателерім

болса, түзетерсің», – деп, дәрет алуға кіріседі. Алайда

шынтақтарына келгенде үш рет емес, төрт реттен жуа-

ды. Бұны байқап қалған ғалым:

– Суды ысырап еттің, – деп ескертеді.

– Мен қай жерде ысырап еттім? – деп қарсы сұрақ

қояды Хатими Әсам.

– Қолдарыңды шынтақтарыңмен бірге үш рет

жуудың орнына сен төрт рет жудың, – дейді ғалым.

Осыны күтіп тұрған Хатими Әсам сонда оған: «Менің

бір ұрттам суды ысырап еткенімді қалт жібермедің,