Previous Page  101 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 208 Next Page
Page Background

101

Тақуалық тәмсілдер

– деп жауап береді. Аллаһ тағала бұл жауапты естігенде,

«Әй, ақыл, сенен асқан абыройлы нәрсе жаратпадым»,

– дейді.

Нәпсіні жаратқан кезінде оған да: «Әй, нәпсі, бері

қара!» – деп бұйырады. Бірақ нәпсі қарағысы келмейді.

Аллаһ тағаланың «Мен кіммін? Сен кімсің?» – деп

сұрағына: «Сен сенсің, мен менмін», – деп тәкаппарлана

жауап береді. Бұны естігенде Аллаһ тағала оны тозаққа

салып жазалайды. Жүз жылдан кейін шығарып алып әлгі

сұрақты қойғанда, ол баяғы қырсық жауабынан танбай-

ды. Аллаһ тағала оны енді аштықпен жазалайды. Жүз

жылдан кейін шақырғанда, ол өзінде ешқандай құдірет

жоқтығын мойындап: «Сен менің Жаратушы иемсің,

мен сенің әлсіз құлың екенмін», – деп жауап береді.

Аллаһ тағала осыдан кейін нәпсіні тәрбиелеу үшін

оған ораза ұстауға міндетті қылады.

«Үмітсіз – шайтан»

Баяғыда әкелі-балалы екеу болыпты. Қанша

тәрбиелесе де, жағымсыз қылықтан алшақ болу-

ды үйретсе де қайталана беретін баласының сотқар

қылықтары әкесінің жанына батады екен. Бірде бала

аяқасты қатты науқастаныпты. Әкесі қолдан келгенін ая-

нып қалмағанмен, ұлының жағдайы күннен күнге нашар-

лай береді. Перзентінің сотқар қалпынан түзелмегеніне

іштей налыған әкесі:

– Ұлым-ау, алда-жалда олай-бұлай болып кетсең

жағдайың не болмақ? Қиқар мінезіңді де түзеп

үлгірмедің, – депті ақыретін уайымдап. Сонда баласы:

– Әке, сіз не десеңіз де, мен зор үміттімін. Аллаһ

мейірімділердің ең мейірімдісі емес пе? – дейді өзіне

сенімді үнмен.