Previous Page  105 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 208 Next Page
Page Background

105

Тақуалық тәмсілдер

– Әке, сіз мені жақсы көресіз бе? – дейді.

– Әрине, балапаным. Сен менің көзімнің нұры

емеспісің?!

– Ал Аллаһты жақсы көресіз бе?

Әкесінің жүрегі аттай тулап қоя берді:

– Әрине, әрине.

– Онда сіздің қанша жүрегіңіз бар, бір жүрекке екі

нәрсе сыймайды ғой.

Ибн Ияз көзі жасқа толып, Аллаһтан кешірім сұрай

берді.

– Мен бүгінге дейін ғапыл болып келіппін. Я,

Жасаған ием! Өзің кеше гөр!

Патша мен күң

Көне бір уақытта байлығы тасқан, өзі өркөкірек бір

патша өмір сүрді. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның

төсегін күнде бір күң келіп салуы тиіс болатын.

Бір жолы өз кезегінде жас күңдердің бірі патшаның

төсегін салады. Мамық төсек пен құс жастықтарды

әдемілеп жайып, жан-жағын барынша сәндеп біттім-

ау дегенде, аяқ асты әлгі күңге «Апыр-ай, мұндай

мамық төсекке бір жатып көру де бақыт шығар. Сәл көз

іліндіріп ләззатын байқап көрсем қайтер екен?» деген

қызық ой келеді. Ақыры сол әуестігін жеңе алмай «Пат-

ша келе жатқанда атып тұрармын» деп құс жастықты

жастанып, төсекке сәл қисаяды. Бірақ қатты ұйықтап

кеткенін байқамай қалады.

Патша өзінің жатын бөлмесіне кіргенде, төсегінде

бір күңнің ұйықтап жатқанын көріп қатты ашуланады.

«Бұған қалай батылың барып жүр?!» – деп әлгі күңді

ұрып-соға бастайды. Бір қызығы, өзін патша ұрып жатса

да, күң сықылықтап күлгенін тыя алмайды. Патша бұған