Previous Page  103 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 208 Next Page
Page Background

103

Тақуалық тәмсілдер

ша Құдайдың жарлығын орындаған періштемен бірге

жаның көкке ұшып кетеді.

Сол сәт жақындарың жаназаңа дайындала ба-

стайды. Өлікті жуып, кебіндейді. Жерді қазып, бір-

бір күрек топырақ тастап, тар орынға көмеді. Бұдан

кейін тіршілігінде сенімен басы араздар құтылғанына

қуанады. Арттағылар мирасыңды бөліске салады. Сен

тек амалдарыңмен ғана оңаша қаласың.

Әр істің хикметі Аллаһқа ғана аян

Уәһб ибн Мүнәббиһ әңгімелеуде:

Бірде Әзірейіл (а.с.) елді қан қақсатқан бір

залымның жанын алады. Жер бетінде зұлымдығы

одан өткен жан жоқ еді. Сөйтті де көкке көтерілді.

Періштелер оны қаумалап: – Осы уақытқа дейін жанын

алған адамдарыңның ішінде ең көп қайсысына жаның

ашыды? – деп сұрады.

Әзірейіл:

– Шөлде мекендейтін бір әйелдің жанын алуға

бұйрық алдым. Барғанымда, толғағы жетіп, бір ұл ба-

ланы босанған кезі екенін көрдім. Сол жолы ажалы жет-

кен әйелге де, шөл далада қараусыз қалып бара жатқан

шаранаға да жаным ашыды, – деді.

Періштелер оған:

– Сен бүгін жанын алып қайтқан залым сол жолы

сен аяған жаңа туылған сәби болатын, – дейді.

Бұны естігенде Әзірейіл (а.с.):

– Қалаған құлын игілікке бөлеген Аллаһ барлық

кемшілік атаулыдан пәк, – деп тәспих айтты.