107
Тақуалық тәмсілдер
ал өзіңнің күн сайын басқа нәрселерге көп ысырап
жасайтыныңды неге көрмейсің?!» – дейді.
Ғалым кісі Хатими Әсамның дін үйрену үшін емес,
өзіне сабақ беру үшін келгенін сол мезет түсініп, үйінен
шықпай қырық күн тәубе еткен екен.
Зікір
Хажжаждың ұлы Қайыс әңгімелеуде:
«Бірде шайтаным маған: – Сенің тәніңе кіргенімде
түйедей ірі едім. Бара-бара түймедей болып кішірейіп
кеттім, – деді.
Мен оған: – Бұл қалай болды сонда? – деп
сұрадым.
Ол: – Сен мені Аллаһты зікір етуіңмен бүріп
барасың, – деп жауап қатты».
Нашар әдет
Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын
сұрап бір данышпанға барыпты. Данышпан кісі оған:
«Сен ана бір жас шыбықты жерден суыршы», – депті.
Ол қиналмай-ақ суырып алыпты. Енді одан жуанын су-
ыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырып қана
орынынан қозғапты. Данышпан одан да жуан ағашты
көрсеткенде, тағы көп адам жиналып ырғаса да, ор-
нынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: – Көрдің
бе? – депті, – жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу
жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен
достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты
көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке
қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады, – деген
екен.