102
Тағылым таразысы
Көп өтпей бала көз жұмады. Қайғырып жүрген әкесі
ұлын түсінде көріпті.
Одан ақыреттегі жағдайды сұрағанда, ұлы:
– Сізге айтқан соңғы сөзім үшін Аллаһ тағала менің
барлық қателіктерімді кешірді. Ешқашан Аллаһтан үміт
үзбеу керек екен. Мен осыны ұқтым, әке, – депті.
Өмірдің шындығы
Тақуа ғұмыр кешкен кісілердің бірі былай деп өсиет
еткен екен:
«Әй, адамдар! Әрбір амалдарыңды ойлап барып
істеңдер! Құдайдан қорқуды ешқашан естен шығарып
алмаңдар! Дүниеуи шаруалардың шырмауында қалып,
өлімді ұмытып кетпеңдер! Дүние сыланып-боянған,
сыртқы әдемілігіне талайлар сұқтанған сұлу әйелге
ұқсайды. Бірақ сол құмартушылар әлгі сайқалдың талай
ер кісінің басын жалмағанын білмейді.
Бір күні айналаңдағылар сені меңзеп, «пәленшекең
төсекке таңылыпты», «сырқаты қатты сияқты», «Дәрігер
шақыртыпты» демей тұрып, ғапылдықтан ояныңдар!
Дәрігер келгенмен, басын шайқап «беті бері қарауы
қиын» дейді. Іле «сөйлеуден қалды», «таныс адамдар-
мен тілдесе алмай жатыр», «көршілерін танымай жа-
тыр» деседі.
Бұл уақытта маңдайыңнан тер бошалап, жан
қиналысың үдей түседі. Ажалдың келгенін мойын-
дап, көзіңді бір нүктеге қадайсың. Тілің күрмеліп,
жақындарың қимай жылай бастайды.
«Мынауұлыңпәленше», «Мынаубауырыңтүгенше»
деп, саған басыңда үйіріліп қарап тұрғандарды таны-
стырады. Бірақ бұл кезде көзің қарауытып, бар еркіңнен
айырылып, оларға тіл қатуға дәрменің жетпейді. Артын-