97
Тақуалық тәмсілдер
от жағып, әбден қызды-ау дегенде, әйеліне: «Ендеше,
сол Құдайың үшін қазір тандырға түсесің, сені өртеп
жіберем!» – деп кіжінеді. Әйелі әдемі киімдерін киініп,
сырға, моншақтарын тағына бастапты. Күйеуі: «Әшекей
бұйымдарыңды тастап кет!» – деп айғайлады. Әйелі:
«Әркім сүйіктісіне әдемі болып барғысы келеді. Мен де
өз Сүйіктіммен жолығуға кетіп бара жатырмын», – дейді
де, сол қалпы тандырға өзін тастап жібереді. Күйеуі бол-
са, дереу қақпағын жауып тастайды.
Арада үш күн өткеннен кейін екіжүзді кісі
тандырдың қақпағын ашып қарағанда, әйелінің сап-сау,
тірі отырғанын көріп өз көзіне өзі сенбей тұрып қалады.
Сол сәт оның құлағына «Сүйікті құлдарымызды отқа
жақпайтынымызды білмеуші ме ең?» – деген ғайыптан
бір дауыс естіледі.
Асхабы-Кәһф
Бір залым патшаның заманында «Құдай – жалғыз»
деп сенушілер қатты жазаланатын. Осы тұста алты хри-
стиан жігіт өмір сүрді. Олар мүмкіндігінше өз сенімін
құпия ұстауға тырысты. Күндердің күнінде бұлар жай-
лы патша естігенде, дереу бәрін алдына шақырады.
Олар ақиқаттан тайсалмай, пұтқа табынуды айыптай-
ды. Патша ашуланып, оларға өлім мен пұтқа табынудың
бірін таңдау үшін біршама уақыт береді. Жарлыққа
көнбеген олар қала сыртындағы таудағы үңгірге барып
күнелте бастайды. Күндіз аң аулап, түнде айналдыра
от жағып, араларынан бір адамды күзетші етіп жабайы
аңдардан қорғанады. Бірде алтауы да қатты ұйықтап
кетті. Аллаһтың әмірімен үш жүз жылдан аса уақыттан
кейін бір-ақ оянады. Әрине, олар өздерінің қанша
ұйықтағанынан бейхабар еді. Ашыққанын сезгенде,