Previous Page  94 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 208 Next Page
Page Background

94

Тағылым таразысы

«Кім көзіне харам толтырса, қиямет күні Аллаһ оның

көзіне от толтырады» делінген.

Төртіншісі – қарны арқылы болатын белгі. Аллаһтан

қорқатын адам харам жемеуге қатты көңіл бөледі,

өйткені харам жеу – ауыр күнәлардың бірі. Хадисте бұл

туралы «Адам баласының қарнына харам ас барса, сол

ас асқазанында тұрған уақыттарда аспан мен жердегі

періштелер қайта-қайта лағынет жаудырады. Сол асты

қорыту кезінде өліп кетсе, баратын жері тозақ болады»

деп ескертілген.

Бесіншісі – қолының себепкерлігімен туындайтын

белгі. Аллаһтан қорқатын адам қолымен харамға бар-

май, қайта Аллаһтың разылығына сай істер жасауға

құмартады. Сахабалардан Кағбул-Ахбардан (р.а.) жет-

кен хадисте «Ұлы Жаратушы әр бөлігі жетпіс мың

көзден тұратын, жетпіс мың бөлмесі бар жақұттан

сарай жаратқан. Қиямет күні бұл сарайға Аллаһтан

қорыққандықтан өзіне кезіккен харамнан аулақ

болғандар кіреді» делінген.

Алтыншысы – аяғында. Аллаһтан қорқатын адам

күнә істеуге емес, Аллаһтың әміріне сай істерді істеп,

сауап алатын орындарға барады. Ғалымдармен, ізгі амал

жасаушылармен жүздесу үшін қадам басатын болады.

Жетіншісі – амалында. Аллаһтан қорқатын адам

амалдарын тек қана Аллаһтың разылығы үшін жасай-

ды. Басқалар көрсін деп істеуден, екіжүзділіктен бой-

ын аулақ ұстайды. Осының арқасында «Раббыңның

қасындағы ақырет (мекені) күнәлардан қорқатындар

үшін» деген Рабб кәламына лайық деңгейге жетеді

10

.

10

«Зухруф» сүресі, 35-аят