96
Тағылым таразысы
Сонда Мұса (а.с.) оған: «Ендеше, осы амалың үшін
Аллаһ тағала өткен күнәларыңның бәрін кешірді», –
деді.
Зинаның алты кеселі
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірде мынадай өсиет айт-
ты:
– Зинадан сақтаныңдар, өйткені оның адамды
азапқа салатын бұл дүниеде үш, ақыретте үш, барлығы
алты кесірі бар.
Бұл дүниедегілері мынау:
Кедейлікке итермелейді;
Өмірді азайтады;
Жасаған адамды қара бет қылады.
Ақыреттегілері мынау:
Аллаһ тағаланың ашуын тудырады;
Есебін ауырлатады;
Тозаққа итермелейді.
Құдайды сүю
Ертеректе сараңдығы асқынған, өзі екіжүзді бір
адам болыпты. Сараңдығы сонша – өмірі ешкімге ештеңе
бермеу турасында әйелінен уәде алып, егер бере қалса
ажырасатындығын ескертіпті.
Бір күні әйелі «Құдай үшін садақа берші?» – деп
жалынып келген қайыршыны көргенде, жаны ашып, үш
тілімнан ұстатыпты. Қайыршықайтаржолда әлгі әйелдің
күйеуімен кездесіп қалыпты. Сараң қайыршы нанды өз
үйінен алғанын білгенде, қатты ашуланып әйеліне келіп:
«Сен маған ешкімге ештеңе бермеу үшін уәде бермеп пе
ең?!» – деп ұрсыпты. Әйелі: «Құдай үшін» дегендіктен
бердім», – дейді. Күйеуі бұны естігенде, дереу тандырға