Previous Page  95 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 208 Next Page
Page Background

95

Тақуалық тәмсілдер

«Құдайдан қорқам»

Бұрынырақта

Исрайылұлдары

арасында

құлшылыққа берілген тақуа бір кісі өмір сүрді. Күндердің

күні сол отағасының дастарханы жұтап, бала-шағасымен

аш қалды. Түк таппаған кезде шарасыздықтан бір нәрсе

тауып келу үшін әйелін көшеге жұмсады.

Әйелі бір саудагердің үйіне барып, бала-шағасының

қатты ашыққанын айтып, көмек сұрады. Саудагер болса

әйелге: «Көмек беремін, бірақ...» – деп өзінің жаман ойы

барын білдіреді. Әйел ештеңе де жауап айтпастан кері

бұрылып үйіне қайтып кетеді. Үйіне барғанмен, көзі

қарайып аш отырған балаларын көргенде, жүрегі шыда-

май қайта сыртқа шығады. Лажсыз саудагерге барады.

Саудагерге бала-шағасының аш қалғанын айтып, тағы

да көмек беруін сұрайды. Саудагер: «Менің ұсынысыма

көнесің бе?» – дегенде, лажсыздан келісетіндігін

білдіреді. Екеуі оңаша қалған мезетте күтпеген жер-

ден әйелдің аяқтары дірілдеп қалтырай бастайды. Тіпті

сүйектері сынып кетердей қатты қалшылдайды. Сау-

дагер: «Саған не болды?» – дегенде, әйел: «Құдайдан

қорқам», – деп жауап қатады. Сонда саудагер: «Сен

мынадай қатты қиналғаныңа қарамастан, күнә жасауға

Құдайдан қорқып тұрсың. Анығында сен емес, менің

қорыққаным жөн ғой», – деп жаман пиғылынан бас

тартады. Әйелге жәрдем беріп, үйіне қайтарады. Әйел

алғандарын бала-шағасына әкеліп, балалары тойынып,

қатты қуанады.

Осы кезде Аллаһ тағала Мұса пайғамбарға уахи

түсіріп: «Пәлен деген құлыма айт, мен оның барлық

күнәларын кештім» дейді. Мұса пайғамбар саудагерге

жолыққанда, «Айтшы, ол қандай сауабы мол құпия іс?»

– деп сұрайды. Саудагер болған оқиғаны әңгімелейді.