Previous Page  93 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 208 Next Page
Page Background

93

Тақуалық тәмсілдер

Ибраһим одан: «Бағана қатқан нанды қажағанда, қарның

аш па еді?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – дейді. Ибраһим:

«Ал енді соған тойдың ба?» – деп сұрап еді, ол тағы

да «Иә, тойдым», – деп жауап қатты. Ибраһим Әдхам

таңданып: «Соған-ақ рахаттанып ұйықтадың ба?!» –

деп еді, ол: «Әрине», – деді. Бұны естігенде, Ибраһим

Әдхам: «Демек, адамға анығында осы да жеткілікті екен

ғой, дүниеге салынудың арты жақсылыққа апармас», –

деп тәубе етеді.

Жеті белгі

Үлкен фиқыһ ғұламасы Әбу Ләйс Самарқанди

әңгімелеуде:

«Аллаһтан қорыққан адамда жеті түрлі белгі бола-

ды.

Біріншісі – тілге қатысты белгі. Аллаһтан қорыққан

адам тілінің қызметі арқылы өтірік, өсек, ғайбат айт-

пайды, ешкімді шағыстырмайды. Оның орнына Құран

оқиды, зікір айтады, іліммен шұғылданады.

Екіншісі – жүрегіне байланысты белгі. Аллаһтан

қорыққан адамның жүрегінде басқаларға деген

қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, жалақорлық

болмайды, өйткені хадисте «От ағашты қалай өртеп

жоқ қылса, қызғаныш та адамның жақсылықтарын со-

лай жалмап қояды» делінген. Ол кеселдің емі – ілім мен

ізгі амалдар жасауда.

Үшіншісі – көзіндегі белгі. Аллаһтан қорыққан

адам харам асқа, харам сусынға, харам киімге, қысқаша

айтқанда, харамға көз салмайды. Дүниеге қомағай

көзбен емес, ғибрат алу ниетімен ғана қарайды. Адал

емес нәрселерден көзін аулақ ұстайды, өйткені хадисте