Previous Page  88 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 208 Next Page
Page Background

88

Тағылым таразысы

Аяғын арамен кесіп жатқанда, қыңқ етпестен шыдайды.

Бар болғаны, Мұса пайғамбардың Қызырмен сапарлас

болғандағы сөзін айтады: «Мына жолаушылығымызда

біраз қиналдық»

7

Арада біраз уақыт өткенде, төрт ұлының бірін ат

теуіп өлтіреді. Ұлық имам Қағбаның алдында қолын

жайып: «Аллаһ тағалам, Сен маған (екі қол, екі аяқ) төрт

дене мүшесі мен төрт ұл беріп едің. Олардың үшеуін

маған қалдырып, тек біреуін ғана қайтып алдың. Бұл

сенің үлкен жақсылығың, Саған мың да бір шүкір!» –

дейді.

Ұруа – «Аллаһ оларға разы болды, олар да Аллаһқа

разы» деп аятта білдірілген ең биік рухани дәрежеге

жеткен кісілердің бірі деседі.

«Лә иләһа иллаллаһ»

Табиғиндерден шыққан Саид ибн Жүбәйр

Әмәуилер билеген дәуірде олардың қателігін бетке

айтудан қаймықпаған өжет мінезді, рухани терең кісі

еді. Түн баласы құлшылықтан бас алмай, егіліп дұға

жасайтын. Оны жазалау үшін Хажжажға апара жатқан

кезде, жендеттер азулы жыртқыштары көп ормандағы

бір шіркеуге түнеуге бекінеді. Саид ибн Жүбәйр болса,

«Бұл түн менің соңғы түнім, ертең ақыретке сапарым

бар, Раббыммен оңаша қалдырыңдар», – деп шіркеуге

енбей сыртта қалғысы келетінін білдіреді. Жендеттер

ормандағы жабайы аңдарға жем болсын деген пиғылмен

оның өтінішін орындайды. Түннің ортасында жабайы

аңы мол орман ортасында Раббысымен оңаша қалған бұл

тақуа кісі намазға тұрады. Намазды беріле оқығаны сон-

7

«Кәһф» сүресі, 62-аят