85
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
«Бірде жас кездерінде Абдуллаһ ибн Зүбәйр, бауы-
ры Мұсғаб ибн Зүбәйр, Абдулмәлік ибн Мәруан мен
Абдуллаһ ибн Омар – бәрі Қағбаның жанында отыр-
ды. Бір уақытта араларында «Әрбіріміз тап қазір дұға
жасайықшы, бәлкім, қабыл болар» деген ой айтылды.
Абдуллаһ ибн Зүбәйр: «Уа, Раббым, ұлылығыңның
құрметіне мені Хижазға патша қылуыңды өтінемін», –
деп дұға жасады.
Мезгілі жеткенде, ол Меккені уақытша басқарып,
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өкілдігін атқарды. Ислам дінін
жанын сала қорғады, соңында Залым Хажжаж оны
шейіт етті. Мүбәрак денесі анасы (хазірет Әбу Бәкірдің
қызы) Әсманың (р.а.) көз алдында бірнеше күн асулы
тұрды. Бұл өжет әйел Хажжажға барып: «Сен оның бұл
дүниесін жалмадың, ол сенің ақыретіңді оңдырмайды»
деген еді.
Мұсғаб ибн Зүбәйр болса, «Аллаһ тағалам,
ұлылығыңның құрметіне, аршы пен күрсіңнің құрметіне
Иракқа мені басшы еткеніңді қалаймын» деп тілеп еді.
Аллаһ оның да дұғасын қабыл алады. Уақыты жет-
кенде, ол да Иракта уақытша басшылық жасайды.
Абдулмәлік ибн Мәруан: «Раббым, мені бүкіл
мұсылмандардың басшысы ете гөр, қарсы келгендерді
қатаң жазаласам да, әйтеуір Ислам әлемінің бірлігін
сақтап қалуымды нәсіп ете гөр!» деп дұға жасайды.
Уақыт Абдулмәліктің де дұғасының қабыл болғанын
көрсетеді.
Ең соңынан Абдуллаһ ибн Омар да дұға жасағанда,
былай дейді: «Аллаһ тағалам, Сенен Жұмақты маған
уәжіп қылмайынша, жанымды алмауыңды өтінемін»
Оқиғаны жеткізуші Имам Шағби: «Үшеуінің де
дұғасының қабыл болғанына куә болдық. Имамның